$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Алматыда алғашқы қар еріту пункті іске қосылды

Редакция
09 қаңтар 2025 04:59 1872
Алматыда алғашқы қар еріту пункті іске қосылды Сурет авторы: Алматы әкімдігі

Алматыда тәулігіне 1200 текше метр қарды өңдей алатын алғашқы қар еріту пункті жұмысын бастады, деп хабарлады қала әкімдігі. Бұл пункт бұрын «Алматы тазалық» КГП-ның көктайғаққа қарсы реагенттер сақталатын аумағында орналасқан.

Әкімдіктің мәліметінше, мұнда Қазақстанда алғаш рет инновациялық технология қолданылады. Қарды еріту үшін ағынды сулардың жылуы пайдаланылады. Еріген қар суы құм мен қоқыстан арнайы сүзгілер арқылы тазартылады да, қалалық кәріз жүйесіне жіберіледі.

Қар еріту пунктіне Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандарынан жиналған қар тасымалданады.

Соңғы жаңалықтар