$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Алматыда 300-ден аса үлескер құрылыс компаниясына алданып қалды

Редакция
21 қаңтар 2025 05:33 1854
Алматыда 300-ден аса үлескер құрылыс компаниясына алданып қалды Сурет авторы: life.ru

Алматыда құрылыс компаниясы басшылығының алаяқтық әрекеттері бойынша қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Бұл іс бойынша 312 адам зардап шеккен, ал жалпы шығын мөлшері 2,5 млрд теңгеден асты, деп хабарлады қалалық прокуратураның сайты.

Тергеу материалдарына сәйкес, компания басшылығы 2022-2023 жылдар аралығында құрылысқа рұқсат құжаттары мен үлескерлердің қаражатын тарту құқығы болмағанына қарамастан, үш тұрғын үй кешенінен пәтер сатамыз деген желеумен азаматтардың ақшасын алдап иемденген.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің төрт басшысы ұсталды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Азаматтарға құрылыс компанияларымен келісімшарт жасамас бұрын мұқият тексеру жүргізу қажеттігі ескертілді. Қаражатты тек ресми құжаттар негізінде аудару ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар