$ 463.41 € 546.27 ₽ 6.18

Алматыда 200-ге жуық автобустың экологиялық нормаларға сәйкестігі тексерілді

Редакция
04 наурыз 2026, 15:56
Алматыда 200-ге жуық автобустың экологиялық нормаларға сәйкестігі тексерілді Сурет авторы: gov.kz

Алматыда мобильдік экологиялық зертханалар қоғамдық көліктердің атмосфералық ауаға әсерін кезекті рет тексерді. "Eco Almaty" мамандары жүргізген мониторинг бұл жолы қаладағы ең ірі №1 коммуналдық автобус паркін қамтыды.

Тексеру барысында газбен жүретін 192 автобустың шығарындылары егжей-тегжейлі зерттелді. Мониторинг қорытындысы бойынша, аталған көліктерден бөлінетін ластаушы заттардың мөлшері белгіленген нормативтерден асқан жоқ. Бұл мегаполистің экологиялық таза көліктерге көшу стратегиясының тиімділігін көрсетіп отыр.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 30 желтоқсанда Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғаудың жаңа ережелері бекітілген болатын. Бұл құжат қала билігіне ластану деңгейін кезең-кезеңімен төмендетуге және экологиялық бақылауды қатаңдатуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары Алматының автобус парктері жаңартылып, ескі дизельді көліктердің орнына заманауи газбен жүретін және электрлі автобустар енгізілуде. Мұндай тұрақты тексерулер қалалық стандарттардың сақталуын қамтамасыз етіп, мегаполис ауасының сапасын жақсартуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар