$ 489.33 € 566.3 ₽ 6.74

Алматыда 12 жасар баланы 9 рет пышақтап мерт қылды

Редакция
12 маусым 2026, 11:31
Алматыда 12 жастағы баланың қаза табуына байланысты оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы жағдай жасөспірімдер арасындағы жанжалдан кейін орын алған.
Алматыда  12 жасар баланы 9 рет пышақтап мерт қылды Сурет авторы: @zizhanss/threads.com

Аталған оқиғаға байланысты 9 жерінен пышақ жарақатын алып, қаза болған 12 жастағы Абылайдың нағашы әпкесі әлеуметтік желіде жұрттан көмек сұрап жазба жариялады. Оның сөзінше жеткіншекке өзі оқитын мектептің 13 жастағы екі оқушысы шабуыл жасаған. 

Марқұм баланың туыстары әлеуметтік желіде 12 жастағы баланы екі 13 жастағы жасөспірім пышақтағанын мәлімдеді. Алайда, Алматы қалалық Полиция департаменті әзірге қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір ғана 13 жастағы жасөспірімнің ұсталғанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар