$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Алматы жер сілкінісін ерте хабарлайтын жүйені Қытаймен бірге дамытады

Редакция
18 ақпан 2025 06:36 3445
Алматы жер сілкінісін ерте хабарлайтын жүйені Қытаймен бірге дамытады Сурет авторы: Stuff, Google / Автор: Иван Беляев

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Қытайға сапары барысында Қазақстанның Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы мен Қытайдың Геофизика институты арасында келісімге қол қойылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құжат сейсмомониторинг бойынша бірлескен жұмысты және жер сілкіністері туралы ерте хабарлау жүйелерін интеграциялауды көздейді. Бұл қазақстандық және қытайлық мамандарға нақты уақыт режимінде деректермен жедел алмасуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Алматыда жер сілкінісі туралы ерте ескерту жасайтын 28 станция жұмыс істейді. Жыл соңына дейін тағы 30-ы орнатылады, ал жалпы саны 70-ке дейін жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар