$ 487.44 € 567.38 ₽ 6.62

Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінісі сезілді

Абдрахманов Мағжан
05 маусым 2026, 07:00
Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінісі сезілді Сурет авторы: eudat.eu

4 маусым күні сағат 21:19-да «Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы» тіркеген жер сілкінісі Алматы және Жетісу облыстарының тұрғындарына сезілді.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 316 шақырым жерде, Қазақстан аумағында 30 шақырым тереңдікте орналасқан. Дүмпу шамамен 30 елді мекенде байқалған.

Ең жоғары қарқындылық Жаркент қаласында тіркеліп, 4 балл болды. Ал Сарқан, Жансүгіров ауылы, Текелі, Шонжы ауылы, Қырғызсай ауылы және Қарабұлақ кенті тұрғындары 3 баллдық дүмпуді сезген. Алматы қаласында және Талдықорған қаласында жер сілкінісінің күші 2 балл болған.

Сонымен қатар Мақаншы ауылы тұрғындары да 2 баллдық дүмпуді сезген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаментінде тұрғындарға арналған жедел желі іске қосылып, 8 (7282) 32-44-36 нөмірі бойынша жұмыс істеп тұр.

Соңғы жаңалықтар