$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Алматы тұрғындарына жер сілкінгені туралы хабарлама келді

Абдрахманов Мағжан
23 қазан 2025 12:35 336
Алматы тұрғындарына жер сілкінгені туралы хабарлама келді Сурет авторы: zakon.kz

Бүгін Алматы тұрғындарына ұялы телефон арқылы жер сілкінісі туралы ескерту хабарламасы келді. Онда қауіпсіздік үшін ғимараттан шығу жөнінде нұсқау берілген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі сағат 12:20 шамасында тіркелген.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шамамен 136 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған. Магнитудасы – 4,9, тереңдігі – 10 шақырым. Алматы қаласында дүмпу сезілген жоқ», – деп хабарлады ведомство.

Мамандардың айтуынша, мұндай ескертулер Mass Alert жүйесі арқылы автоматты түрде жіберіледі. Жүйе Алматы қаласында жер сілкінісі 5 баллдан асқан жағдайда тұрғындарға қауіп жөнінде хабарлама таратуға бапталған.

Бұл жүйенің мақсаты – жер сілкінісі кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу шараларын күшейту.

Соңғы жаңалықтар