$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Алматы тұрғындарына жер сілкінісі сезілді

Абдрахманов Мағжан
22 желтоқсан 2025, 09:15
Алматы тұрғындарына жер сілкінісі сезілді Сурет авторы: ЖИ

22 желтоқсанға қараған түні Алматы қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезді.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер асты дүмпулерінің сезілу күші 2 балды құраған. Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының деректеріне сәйкес, жер сілкінісі 22 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 02:16-да тіркелген.

Жерасты дүмпулерінің ошағы Қытай аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары – 41,23 градус солтүстік ендік, 78,87 градус шығыс бойлық. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,0-ге тең, энергетикалық класы K=11,5.

Мамандардың айтуынша, Алматы қаласында жер сілкінісі әлсіз деңгейде сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар