$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Алматы тауларында адасқан туристер табылды

Редакция
01 шілде 2024 11:29 3501
Алматы тауларында адасқан туристер табылды

5 адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған. ТЖМ мәліметінше, оларды іздестіру операциясы Қарасай ауданының «Девичьи слёзы» сарқырамасының маңында жүргізілген.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД құтқарушылары және Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары дереу шығып, іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристер аман-есен табылды.

«Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары 5 сағатқа созылды. Туристерге медициналық көмек қажет болған жоқ», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар