$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Редакция
11 мамыр 2024 04:28 4299
Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

10-20 мамыр аралығында Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет етеді. Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге ұлттық ұланның әскери қызметшілері, полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Бұл туралы polisia.kz хабарлады. 

"Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында полиция жасақтарының тығыздығы арттырылды. «Қылмысқа мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралайды", - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар