$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Алматы орталық стадионының басқарушысы матч кезінде қызметінен босатылды

Редакция
13 желтоқсан 2024 01:05 1410
Алматы орталық стадионының басқарушысы матч кезінде қызметінен босатылды Сурет авторы: Qumash

Стадион директорының қызметінен босатылуына матч үшін стадиондағы орындықтарды уақытылы тазаламау сеп болған. Бұл жағдай көрермендерге қолайсыздық тудырып, жанкүйерлер ойынды тұрып көруге мәжбүр болған. 

“Болашақта мұндай оқиғаларды болдырмау үшін тексеру жүргізіледі. "Орталық стадион" нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов атқарып отырған қызметінен шеттетілді", – деді қаланың спорт ғимараттары дирекциясы.

"Астана" – "Челси" матчы Алматыдағы орталық стадионда өтті. Елордалық команда 1:3 есебімен жеңіліске ұшырады.

Соңғы жаңалықтар