$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Алматы облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
30 қыркүйек 2025 17:06 481
Алматы облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты Сурет авторы: ҚазАвтоЖол

Алматы – Бішкек тас жолының 107-шақырымында болған жол апатынан сегіз адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard автокөлігімен соқтығысқан. Соққының салдарынан сегіз адам оқиға орнында қаза тапты, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар