$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Алматы облысында жол апатынан алты адам көз жұмды

Абдрахманов Мағжан
25 қараша 2025, 09:23
Алматы облысында жол апатынан алты адам көз жұмды

24 қараша күні кешкі уақытта Алматы–Бішкек тас жолының 65-шақырымында болған апат салдарынан алты адам көз жұмды.

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 23 жастағы Audi көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы Toyota автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің көмегіне қарамастан, алған жарақатынан қайтыс болды. Сонымен бірге бес адам жарақат алып, медициналық бақылауға алынды», – делінген облыстық полиция таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар