$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

Алматы облысында жоғалған тікұшақтың бөлшектері мен бір адамның денесі табылды

Дулат Абдраманов
09 тамыз 2025 13:29 188
Сорбұлақта жоғалған тікұшақтың бөлшектері және бір сарбаздың денесі табылды.
Алматы облысында жоғалған тікұшақтың бөлшектері мен бір адамның денесі табылды

Қорғаныс министрлігі Сорбулақ маңында жоғалған тікұшақты іздеу нәтижелері туралы хабарлады. Спутниктік деректер мен математикалық есептеулер арқылы әуе кемесінің шамамен қай жерде құлағаны анықталған.

 

Аталған аумаққа іздестіру топтары мен техника жіберілді. Су астында, шамамен 14 метр тереңдікте, тікұшақтың бөлшектері мен бір адамның денесі табылды. Қазір марқұмды сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр.

 

Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстары су астындағы төмен көріну деңгейі мен лайлы шөгінділерге байланысты қиындық туғызуда. Соған қарамастан, барлық күштер операцияны тезірек аяқтау үшін үйлесімді әрі мақсатты түрде жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар