$ 489.17 € 576.63 ₽ 6.38

Алматы облысында жер сілкінісі сезілді

Абдрахманов Мағжан
19 ақпан 2026, 14:54
Алматы облысында жер сілкінісі сезілді Сурет авторы: pixabay

Алматы облысының сегіз ауылында 2–3 баллдық жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Сейсмикалық станциялар желісі жер асты дүмпулерін 19 ақпан күні сағат 14:09-да тіркеген. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Магнитудасы – 5,3, тереңдігі – 15 шақырым.

Есептік қарқындылығы бойынша:
Нарынқол және Кеген ауылдарында – 3 балл,
Саты, Көкпек, Шелек, Қайыпова, Маловодное және Түрген ауылдарында – 2 балл болды.

Сонымен қатар Жетісу облысындағы Жаркент қаласында да 2 баллдық дүмпу сезілген.

Екі күн бұрын Алматы қаласының тұрғындары 2–3 баллдық жер сілкінісін сезген еді. Сол кезде Алматы облысының бірқатар елді мекенінде дүмпу қарқындылығы 2–4 балл аралығында тіркелген.

Соңғы жаңалықтар