$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Алматы облысында туристер мінген автобус аударылып қалды

Редакция
27 мамыр 2024 08:17 2656
Алматы облысында туристер мінген автобус аударылып қалды Сурет авторы: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысында туристер мінген автобус күрт бұрылыста жолдан шығып кетті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Оқиға 27 мамыр күні сағат 10.20-да Кеген ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус «Қазавтожол» желісіне қарасты Аласа асуында күрт бұрылыста жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына бірден екі жедел жәрдем бригадасы жетті.

Автобуста 37 адам болған. Зардап шеккен бес адам Кеген аудандық ауруханасына, 20 адам Жалағаш аудандық ауруханасы мен Шелек ауылына жеткізілді. Науқастардың барлығы әртүрлі жарақаттар алды.  

Зардап шеккен төрт адамның жағдайы орташа ауыр, қалғандарының жағдайы тұрақты. 

Полиция тергеуді бастады. Апаттың нақты себебі әлі белгісіз.

 

Соңғы жаңалықтар