$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Алматы облысында тағы жер сілкінді

Абдрахманов Мағжан
28 қыркүйек 2026, 15:13
Алматы облысында тағы жер сілкінді Сурет авторы: BAQ.kz

28 қыркүйек күні сағат 13:53-те Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

«Сейсмологиялық зерттеу институтының» мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде орналасқан.

Жерасты дүмпуі Нарынкөл ауылында 2–3 балға, Кеген ауылында 2 балға дейін сезілген.

Жер сілкінісінен кейін «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексерді. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қаралды.

Тексеру кезінде зақым анықталған жоқ. Нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр. Қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген, жағдай тұрақты.

Бұған дейін бүгін сағат 09:38-де Алматы маңында тағы бір жер сілкінісі тіркелген. Оның ошағы қаладан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасып, Алматыда дүмпу 3–4 балға дейін сезілген.

Соңғы жаңалықтар