$ 486.19 € 554.26 ₽ 6.51

Алматы облысында полиция қызметкерінің өртенген мәйіті табылды

Абдрахманов Мағжан
24 маусым 2026, 11:30
Алматы облысында полиция қызметкерінің өртенген мәйіті табылды Сурет авторы: ІІМ

Алматы қаласының ішкі істер органдарында қызмет еткен 37 жастағы полиция қызметкерінің өртенген мәйіті Алматы облысының Кеген ауданынан табылды. Бұл туралы құқық қорғау органдары хабарлады.

Мәйіт 23 маусым күні Кеген асуы маңында, тасжолдан шамамен 400 метр қашық жерден табылған. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар кейін әлеуметтік желілерде тарады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталған.

Олардың арасында марқұмның жұбайы мен ұлы да бар. Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар