$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Алматы облысында қоғам белсендісі Алмасбек Садырбай ұсталды

Редакция
06 қараша 2024 02:14 1410
Алматы облысында қоғам белсендісі Алмасбек Садырбай ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбай алаяқтық ісі бойынша күдікке ілініп, ұсталды. Ол басқарған адамдар тобы Алматы облысының Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деп күдіктелуде.

Тергеу мәліметінше, негізгі мақсат – ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға арналған субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін ауыл шаруашылығы жерлері жоқ шаруашылықтар заңға қайшы тартылған. Кейін жалған кадастрлық нөмірлерді көрсетіп, шынайы емес мәліметтермен субсидия алуға өтінімдер қашықтан берілген.

Садырбайдың сыбайласы қазіргі уақытта үй қамағында отыр.

Соңғы жаңалықтар