$ 498.65 € 589.06 ₽ 6.49

Алматы облысында бір үйден төрт адамның мәйіті табылды

Абдрахманов Мағжан
05 ақпан 2026, 15:44
Алматы облысында бір үйден төрт адамның мәйіті табылды Сурет авторы: qonaevtv.kz

Алматы облысының Сарыбастау ауылында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға туралы ақпарат 2 ақпанда түскен. Қайтыс болғандар Райымбек ауданы аумағындағы шаруа қожалығының территориясында орналасқан үйден анықталған.

«Жеке тұрғын үйден туысы төрт адамның мәйітін тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өлім себептерін нақтылау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – делінген хабарламада.

Оқиға орнына полиция департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері барған. Қазіргі уақытта жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар