$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Алматы облысында бір донор төрт адамның өмірін сақтап қалды

Редакция
23 қаңтар 2025 08:43 2933
Алматы облысында бір донор төрт адамның өмірін сақтап қалды Сурет авторы: University Medical Center

20 қаңтарда University Medical Center (UMC) клиникаларында күту тізімінде болған екі пациентке донорлық органдардың трансплантациясы сәтті жүргізілді. Бұл туралы Vlast басылымы UMC баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Донор – Алматы облысының 45 жастағы тұрғыны. Дәрігерлер оның миының қайтыс болғанын растағаннан кейін, туыстары органдарды донорлыққа беруге келісімін берді. Бұл төрт адамға жаңа өмір сүруге мүмкіндік сыйлады», – делінген хабарламада.

Операциялардың нәтижесінде:

  • Жүрек орталығында донорлық өкпе трансплантациясы жасалды;
  • Ана мен бала орталығында 17 жастағы жасөспірімге бүйрек трансплантациясы жүргізілді;
  • Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында донорлық жүрек 43 жастағы науқасқа сәтті ауыстырылды. Бұған дейін ол механикалық қан айналымын қолдайтын құрылғымен өмір сүрген. Айта кетейік, бұл Алматыда жасалған екінші жүрек трансплантациясы;
  • Донордың тағы бір бүйрегі Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығында сәтті трансплантацияланды.

Соңғы жаңалықтар