$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Алматы облысында бала сатпақ болғандар ұсталды

Редакция
03 қыркүйек 2024 05:08 1827
Алматы облысында бала сатпақ болғандар ұсталды Сурет авторы: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Қылмыстық топтың қызметін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тоқтатты.

"25 тамызда әлеуметтік желідегі “surak.baribar” парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген қылмыстық топтың әрекеті туралы жедел ақпарат түсті. 28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар