$ 460.13 € 532.6 ₽ 5.42

Алматы облысында 77 жастағы әйелді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Абдрахманов Мағжан
19 тамыз 2026, 10:56
Алматы облысында 77 жастағы әйелді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды Сурет авторы: Эспрессо

Алматы облысында 77 жастағы әйелді көлік қағып, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан кейін қашып кеткен 26 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Полицияның алдын ала мәліметінше, жол апаты 11 тамызда сағат 20:00 шамасында Алматы – Шелек – Қорғас – Бәйсейіт тасжолында болған. Kia Sorento жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан 77 жастағы әйелді қағып кеткен.

Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Ал жүргізуші жол апаты болған жерден кетіп қалған. Кейін полиция оны ұсталғанын хабарлады.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта Kia Sorento қызметтік көлік болғаны және оны Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері басқарғаны айтылады. Алайда полиция таратқан мәліметте жүргізушінің ХҚКО қызметкері екені көрсетілмеген.

Қазір жол апатының себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар