$ 464.86 € 544.03 ₽ 6.14

Алматы метросын салу кезінде жымқырылған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды

Абдрахманов Мағжан
27 сәуір 2026, 14:27
Алматы метросын салу кезінде жымқырылған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды Сурет авторы: informburo.kz

Бұл жөнінде Бас прокуратура хабарлады. Қаражат кассациялық тәртіппен жүргізілген тексеріс нәтижесінде анықталған.

Ведомство мәліметінше, ұрланған қаражаттың бір бөлігі басқа заңды тұлғаның банк шоттарынан табылған. Прокурордың кассациялық наразылығы негізінде сот актілері өзгертіліп, ақша мемлекет кірісіне өндірілген.

Бұған дейін, 2024 жылы «Метрополитен» КМК мен мердігер ұйымдардың бірқатар басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен сотталған. Іс материалдарына сәйкес, олар метро станцияларын салу және жабдықтау барысында қаржы жымқырған.

Тергеу дерегінше, күдіктілер 2018–2020 жылдары «Сарыарқа» және «Достық» станцияларының құрылысы кезінде жабдық бағасын негізсіз көтеріп, қаражатты жалған компаниялар арқылы шығарып отырған.

Прокуратура мәліметінше, негізгі айыпталушылар 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Жалпы жымқырылған қаражат көлемі 5 млрд теңгеден асқан.

Соңғы жаңалықтар