$ 464.02 € 536.18 ₽ 5.54

Алматы мен Алматы облысында электр жарығы жаппай өшті

Абдрахманов Мағжан
14 тамыз 2026, 15:34
Алматы мен Алматы облысында электр жарығы жаппай өшті Сурет авторы: pexels

14 тамызда Алматы қаласы мен Алматы облысының бірқатар ауданында электр қуаты жаппай өшті. «Алатау Жарық Компаниясы» мамандары қазір электрмен жабдықтауды қалпына келтіріп жатыр.

Компания мәліметінше, сағат 14:38-де әуе электр желілерінің апаттық ажыратылуы салдарынан апатқа қарсы автоматты жүйе іске қосылған. Соның нәтижесінде Алматы мен облыста бірқатар тұтынушы электр қуатынсыз қалды.

Алматы облысында Жамбыл, Балқаш, Есік, Қарасай, Шелек, Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген және Талғар аудандарында электр қуаты үзілген.

Ал Алматы қаласында Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарындағы тұтынушылар жарықсыз қалды.

«Алатау Жарық Компаниясы» мамандары электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар