$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Алматы аумағында жойқын зілзала күтіле ме?

Абдрахманов Мағжан
30 шілде 2025 13:37 289
Алматы аумағында жойқын зілзала күтіле ме? Сурет авторы: lragir.am

Камчатка маңындағы 8 баллдан асатын жойқын жер сілкінісінен кейін қазақстандықтар Алматы мен басқа да сейсмоқауіпті өңірлерде жер асты дүмпулері болады ма деген алаңдаушылық білдіріп жатыр. Осыған байланысты Qrnews редакциясы Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығына (СБЗҰҒО) хабарласты.

Ұлттық орталық өкілдері Камчаткадағы жер сілкінісіне байланысты пікір білдіруден бас тартты. Себебі оқиға орны Қазақстан аумағынан тым қашықта орналасқан, ал ол жақта Қазақстанға тиесілі сейсмостанциялар мен бақылау құралдары жоқ.

"Біздің ғалымдардың бағамы бойынша, Алматы агломерациясында алдағы уақытта жойқын жер сілкінісі күтілмейді", – деп мәлімдеді орталық өкілі.

Айта кетейік, Камчатка маңындағы зілзала АҚШ Геологиялық қызметінің дерегі бойынша 8,8 баллға жеткен. Салдарынан Ресей, Жапония және АҚШ-тың кейбір аймақтарында цунами қаупі жарияланды. Бірақ зілзала Қазақстан аумағына әсер еткен жоқ.

Соңғы жаңалықтар