$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Алматы әуежайындағы автотұрақ 2025 жылдан бастап қымбаттайды

Редакция
12 желтоқсан 2024 07:09 2859
Алматы әуежайындағы автотұрақ 2025 жылдан бастап қымбаттайды Сурет авторы: Kapital/ Руслан Пряников

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы әуежайында автотұрақ бағасы көтеріледі. Әуежайдың баспасөз қызметі бұл өзгерістерді «тұрақ қызметін жақсарту және шығындардың өсуімен» байланысты деп түсіндірді.

Әуежайдың алдындағы аумақта және жабық тұрақта автокөлікті 15–60 минутқа қою құны 600 теңге болады (қазіргі тариф — 500 теңге). Бір сағаттан екі сағатқа дейін – 850 теңге, ал 12–24 сағатқа дейін – 4 200 теңге. 15 минутқа дейінгі тұрақ ақысыз болып қала береді.

Оңтүстік тұрақ аумағында тарифтер былай болады: 15–60 минут – 350 теңге, бір сағаттан екі сағатқа дейін – 500 теңге, ал 12–24 сағатқа дейін – 2 400 теңге.

Соңғы жаңалықтар