$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Алматы әуежайында халықаралық рейстердің бәрі жаңа терминалға ауысты

Редакция
14 маусым 2024 12:22 3728
Алматы әуежайында халықаралық рейстердің бәрі жаңа терминалға ауысты

Алматы әуежайында халықаралық рейстердің бәрі жаңа терминалға ауысты. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады

1 маусымда жаңа терминал ашылғалы бері онда 310 халықаралық рейспен 44 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетілген.

Жаңа терминалда 33 әуе компаниясы істейді, оның ішінде қазақстандық Air Astana, SCAT, FlyArystan компаниялары бар.

"Ескі терминалдан ішкі бағыттар бойынша Air Astana, SCAT, FlyArystan, Qazaq Air және "Южное небо" әуе компанияларының рейстері ұшады" деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

2021 жылы сәуірдің аяғында Түркияның TAV Airports холдингі әуе айлағын сатып алатынын хабарлаған. Жаңа халықаралық терминал құрылысы аяқталғаннан кейін Алматы әуежайының президенті Алп Ер Тунга Ерсой қызметінен кетті, оның орнына Гокер Косе келді.

Соңғы жаңалықтар