$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Алматы әуежайынан ұшып кету жеңілдеді

Редакция
03 желтоқсан 2024 05:38 1330
Алматы әуежайынан ұшып кету жеңілдеді Сурет авторы: ашық дереккөзден

Алматы халықаралық әуежайы екінші қабаттағы ұшып кету аймағына өтуді жеңілдеткенін хабарлады.

Енді жолаушылар Ахметов көшесі жағынан пандусқа қосымша кіреберісті пайдалана алады. Негізгі кіреберіс бұрынғыдай Майлин көшесі арқылы жүзеге асады.

Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда Алматы әуежайында жолаушылар ағыны артқан. Қараша айының өзінде жолаушылар саны 10 миллионға жетті. Жаңа кіреберіс ұшып кету аймағына жету уақытын қысқартып, негізгі бағыттағы кептелісті азайтуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар