$ 526.5 € 611.64 ₽ 6.72

Алматы әкімдігі 28 тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмауға кеңес берді

Абдрахманов Мағжан
14 шілде 2025 14:56 51
Алматы әкімдігі 28 тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмауға кеңес берді Сурет авторы: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы тұрғындарға құжаттары толық емес немесе заңбұзушылықпен салынып жатқан 28 тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмауға кеңес берді. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, кейбір нысандарда құрылысқа рұқсат беретін құжаттар мүлде жоқ, ал кейбірі жобалық талаптарды бұзып отыр. Бұл үйлердің көпшілігі Бостандық ауданында орналасқан.

Алатау ауданы:

  • «Питтсбург» тұрғын үй кешені

  • «Достар Deluxe» көппәтерлі тұрғын үй кешені

Алмалы ауданы:

  • «Auezov Apartaments»

  • «Tole bi Residence»

  • «Кабанбай батыр»

  • «M-Park» кешенінің екінші кезеңі

Медеу ауданы:

  • «Sky Club House», «Maison», «Pine Hill Residence», «Alma Garden», «Compositor» клуб үйлері

  • Нұрмағамбетов көшесі, 374/1 мекенжайындағы тұрғын үй

Наурызбай ауданы:

  • «Люксембург», «Flora», «Lantana», «Французский дом»

  • Кенесары хан көшесі, 98-учаскедегі кешен

Бостандық ауданы:

  • «Швейцария», «7 Avenue», «Evim novo», «Barakat», «Montblanc», «Alatau park»

  • «Баганашыл» көппәтерлі тұрғын үй кешені

  • «Rich» клуб үйі

  • Ерменсай ықшамауданы, Жәңгір хан көшесі, 46-үй

  • ПК «Горный Гигант» аумағы, 596/4-учаске

  • ПК «Жанару», 556-учаскедегі бау-бақша үйлері

Басқарма интернет ресурстарды мониторингтеу арқылы осындай рұқсатсыз салынып жатқан немесе мүлде басталмаған тұрғын үй кешендерін анықтап отырғанын хабарлады.

Мамандар азаматтарды пәтер сатып аларда құрылыс компаниясының барлық рұқсат құжаттары мен лицензияларын тексеруге шақырады.

Соңғы жаңалықтар