$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Әлі де сұрақтар бар – Тоқаев теңге тұрақсыздығы жайында

Редакция
28 қаңтар 2025 04:24 4075
Әлі де сұрақтар бар – Тоқаев теңге тұрақсыздығы жайында Сурет авторы: Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңге бағамы мен инфляция мәселесін талқылау барысында Ұлттық банктің саясатын сынға алды. 

Мемлекет басшысының айтуынша, инфляцияны ауыздықтау – Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп жұмыс істейтін аса маңызды міндет. Алайда қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан саясат тиімді нәтиже бермей отыр.

"Инфляцияны бақылау – өте маңызды жұмыс. Ол Үкіметпен тығыз ынтымақтастықта жүргізілуі тиіс. Бұрынғы "біз тәуелсіз, өз бетімізше әрекет етеміз" деген ұстаным қазіргі ерекше жағдайда жұмыс істемейді," – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының айтуынша, сарапшылар доллардың нығаюына байланысты теңге бағамына қысым болуы мүмкін екенін айтады. Ұлттық банк атқарылған жұмыстарды мәлімдегенімен, ел тұрғындары теңгенің тұрақсыздығына алаңдаулы.

Соңғы жаңалықтар