$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

Алғашқы АЭС-тің құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Абдрахманов Мағжан
05 тамыз 2025 09:44 112
Алғашқы АЭС-тің құрылысы қашан басталатыны белгілі болды Сурет авторы: Liter.kz

8 тамыз күні Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылының маңында Қазақстан тарихындағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы ресми түрде басталады. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігі хабарлады.

Ведомство таратқан баспасөз-анонста аталған шараға журналистер шақырылып, салтанатты рәсім барысында ресми тұлғалардың сөз сөйлеуі және алғашқы бұрғылау жұмыстарының басталуы жоспарланғаны айтылған.

Бұрғылау кезінде жер қыртысынан топырақ үлгісі алынып, ол капсулаға салынып, зерттеу жүргізу үшін ресейлік тарапқа табысталады.

«8 тамыз 2025 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылы маңында Қазақстандағы АЭС құрылысын бастауға арналған салтанатты рәсім өтеді. Рәсім аясында ресми сөздер айтылады, сондай-ақ топырақ алу мақсатында бұрғылау жұмыстары басталып, капсула ресейлік тарапқа зерттеулер жүргізу үшін табысталады», – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар