$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Алғабастағы өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз көз жұмды: қаза тапқан балалардың саны 10-ға жетті

Абдрахманов Мағжан
01 желтоқсан 2025 13:35 467
Алғабастағы өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз көз жұмды: қаза тапқан балалардың саны 10-ға жетті

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында болған алапат өрттің салдары ауыр болып отыр. Бұған дейін 12 адамның, оның ішінде 9 баланың көз жұмғаны хабарланған еді. Бүгін ауруханада ауыр жарақат алған 7 жастағы қыз бала қайтыс болды. Осылайша, қаза тапқан балалардың саны 10-ға жетті. Бұл жөнінде Qazaqstantv хабарлады.

Бүлдіршін Жетісайдан тікұшақ арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Алайда дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қыз баланың денесі туған ауылына жеткізіліп, бүгін жер қойнына тапсырылды.

Қайғылы оқиға 18 қараша күні таңертең болған. Көршілердің айтуынша, оқиға алдында үй иелері шағын отбасылық жиын өткізіп, қонақтардың біразы түнеп қалған. Таңсәріде үйді өрт шарпыған.

Соңғы жаңалықтар