ALGA! фестивалі Балқашта 500-ден астам оқушыны біріктірді
12 қыркүйекте Балқаш қаласындағы «Металлург» стадионында ALGA! жобасының фестивалі өтті. Іс-шараға Балқаш қаласы, Ақтоғай және Шет аудандарынан 10 мектептің 3–4 сыныптарында оқитын 500-ден астам оқушы қатысты.
Фестивальді Тимур Турлов пен Қарағанды облысының Білім басқармасының қолдауымен Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы (QOFA) ұйымдастырды. Негізгі мақсат - балалардың футболға қызығушылығын арттырып, оларды бұқаралық спортқа тарту.

Фестиваль барысында балалар футбол бағдарламасына сай жаттығулар орындап, түрлі ойындарға қатысты. Алаңда 20 футбол станциясы мен ептілік, қимыл-қозғалыс және командалық әрекетті дамытуға арналған 12 ойын аймағы жұмыс істеді. Бағдарламада сабсоккер, Wind Ball, «Нысанаға дәл тигіз», футбол дартсы, пенальти, корнхол сияқты ойын түрлері ұсынылды.
QOFA әлеуметтік жобалар бөлімінің маманы Ғалымжан Зәдешұлының айтуынша, мұнда басты назар нәтижеге емес, балалардың футболға деген қызығушылығын оятуға бағытталған.
«Біздің басты мақсатымыз - балалардың футболға деген қызығушылығын арттырып, футболмен айналысуға деген ынтасын ояту. Сондықтан мұнда біреу жеңді, біреу жеңілді деген жоқ: барлық бала тең дәрежеде тапсырмаларды орындайды, доппен жұмыс істейді және ойнайды. Балаларға түсінікті формат арқылы біз оларды біртіндеп доппен жұмыс істеуге үйретеміз».
Фестивальге қатысушының әкесі Смахан Ержан да ұлының футболға қызығушылығы артып келе жатқанын айтты.
«Фестиваль туралы ұлымнан білдім. Ол сабақтан келген соң: “Әке, ертең футбол фестивалі болады, соған баруым керек”, - деді. Күн өткен сайын оның футболға деген қызығушылығы артып келеді, доп теуіп, “футболшы болғым келеді” дейді. Қазір жаттығып жүр. Болашақта шынымен футболды таңдаса, әрине, біз оны әрқашан қолдаймыз».
Өткен жылы фестивальге 400 бала қатысса, биыл олардың саны 500-ге жеткен. QOFA әлеуметтік жобалар бөлімінің басшысы Данияр Карибековтің сөзінше, мұндай жобалардың негізгі нәтижесі - баланың спортқа қызығушылығының оянуы.
Фестиваль соңында барлық қатысушыларға футбол формасы мен естелік сыйлықтар табысталды. ALGA! жобасы жаңа оқу жылында Қарағанды облысындағы оқушыларды футболға тарту бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.
Нуризат Муратбекқызы
Соңғы жаңалықтар
-
ALGA! фестивалі Балқашта 500-ден астам оқушыны біріктірді
17 сағат бұрын
-
Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге келісім берді
1 күн бұрын
-
Трамп Тоқаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
1 күн бұрын
-
Елена Рыбакина US Open чемпионы атанды
1 күн бұрын
-
Алматыда тағы бір сауда орталығында кітап беру пункті ашылды
1 күн бұрын
-
Санжар Боқаевтың ісі сотқа түсті
2 күн бұрын
-
Дәрігерлер Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен азаматтың жағдайын айтты
2 күн бұрын
-
Әлемді өзгерткен 11 қыркүйек: АҚШ-тағы терактіге 25 жыл
2 күн бұрын
-
Иран, OPEC+ және Қашаған: Қазақстан мұнайына үш жақтан қысым күшейді
2 күн бұрын
-
Binance Қазақстанда банк ашпақ
2 күн бұрын
-
Жасанды интеллектің адамзатты жойып жіберу қаупі 10 пайыздан асты – сарапшылар
2 күн бұрын
-
Қазақстан неліктен «Евровидение-2027» ән байқауына қатыса алмайды?
2 күн бұрын
-
Неліктен бірыңғай QR-мен төлеу әлі де барлық жерде бірдей іске аспай жатыр?
2 күн бұрын
-
Тоқаев Көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
2 күн бұрын
-
Тоқаев қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды
2 күн бұрын
-
Уайымсыз үй аламын деп, сан соғып қалмаңыз: Қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасалды
2 күн бұрын
-
Еліміздің басым бөлігінде демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады
2 күн бұрын
-
АҚШ билігі шетелдік жұмысшыларға арналған визалық талаптарды қатаңдатпақ
2 күн бұрын
-
Air Astana АҚШ-қа тікелей ұшуға мүмкіндік беретін алғашқы ұшағын желтоқсанда алады
2 күн бұрын
-
Қазақстандық студенттер АҚШ-та далада қалды
2 күн бұрын
-
Жаңаөзенде ауруханаға бөлінген 223 млн теңге жымқырылған
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеттігін айқындады
2 күн бұрын
-
Рыбакина – Соболенко: US Open финалы несімен ерекше?
2 күн бұрын
-
Тоқаев Үндістан мен Оңтүстік Кореяға сапармен барады
2 күн бұрын
-
Қыкүйек пе, қыргүек пе: ғалымдар қазақ тіліндегі сөздердің жазылуын қайта қарайды
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстанның екі елдегі елшісін ауыстырды
2 күн бұрын
-
Астанада жылдың ең үлгілі жас отбасы анықталды
2 күн бұрын
-
Елена Рыбакина US Open финалына шықты
3 күн бұрын
-
Таза Қазақстан: ШҚО жастары өңірді көркейтуге бағытталған ауқымды бастаманы қолдады
3 күн бұрын
-
Шымкентте зейнеткерді ұрып өлтірді (ВИДЕО)
3 күн бұрын
-
Тегін дәрі-дәрмектерді сатқан ұйымдарға миллиондаған айыппұл салынды
3 күн бұрын
-
Депутаттық сауалға жауап бере алмаған шенеуніктер Құрылтайға шақырылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
Мектептерде амандасудың жаңа форматы енгізілуі мүмкін
3 күн бұрын
-
Зеленскийдің ұшағына дрон тие жаздаған
3 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттарының жалақысы қанша?
3 күн бұрын
-
Трамп америкалықтарға 5 мың доллардан беретінін мәлімдеді
3 күн бұрын
-
Депутат Қазақстанда жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қоюды ұсынды
3 күн бұрын
-
Мұнай бағасы 100 доллардан асты
3 күн бұрын
-
Ұлттық банк Астананың қай аудандарында пәтерлер тез қымбаттап жатқанын жариялады
3 күн бұрын
-
Qyran тұрғын үй кешеніндегі алаяқтық: төрт қызметкер 8–9 жылға сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстан мұнайының негізгі экспорт бағыты маңында дрон оқиғасы болды
3 күн бұрын
-
Испания тарихындағы ең ыстық жаз: аномалды аптап 61 күнге созылып, мыңдаған адамның өмірін қиды
3 күн бұрын
-
Қытайда белгісіз қауіпті вирус анықталды
3 күн бұрын
-
Тоқаев Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады
3 күн бұрын
-
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
4 күн бұрын
-
PISA-2025 нәтижесі шықты: Қазақстан оқушылары қай деңгейде?
4 күн бұрын
-
«Самұрық-Қазына» 21 триллион теңгені қайда жұмсайды: Тоқаев қор басшысына бірқатар міндет жүктеді
4 күн бұрын
-
Тарбағатай ауданында жылына төрт мың тонна өнім шығаратын ірі балық кластері бой көтереді
4 күн бұрын
-
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,7 млрд теңгеге сатылымға қойылды
4 күн бұрын
-
Астанадағы ЖИ-камералар бет-әлпеті мен жасына қарап іздеуде жүрген азаматтарды анықтайды
4 күн бұрын