$ 482.33 € 557.57 ₽ 5.74

Әлемнің ең бақытты елдері аталды: Қазақстан нешінші орында?

Абдрахманов Мағжан
20 наурыз 2026, 09:53
Әлемнің ең бақытты елдері аталды: Қазақстан нешінші орында? Сурет авторы: Sputnik / Болат Шайхинов

Бүгін, 20 наурыз — Халықаралық бақыт күніне орай Оксфорд университетінің әл-ауқатты зерттеу орталығы кезекті «Дүниежүзілік бақыт есебін» (The World Happiness Report) жариялады. Қазақстан әлемнің ең бақытты елдері арасында жоғары көрсеткішке ие болды.

Рейтинг мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан 6.633 ұпаймен 33-орынға тұрақтады. Еліміз бұл көрсеткіш бойынша Франция (35), Сингапур (36) және Италия (38) сияқты дамыған мемлекеттерді басып озды. Зерттеушілер бақыт деңгейін анықтау үшін жан басына шаққандағы ЖІӨ, әлеуметтік қолдау, салауатты өмір сүру ұзақтығы, таңдау еркіндігі, жомарттық және сыбайлас жемқорлық деңгейі сияқты 6 негізгі факторды негізге алған.

Әлемдік рейтингте тоғызыншы жыл қатарынан Финляндия (7.764 ұпай) көш бастап тұр. Үздік үштікті Исландия мен Дания түйіндесе, Швеция мен Норвегия тиісінше 5-ші және 6-шы орындарға жайғасты. Ғалымдар скандинавиялық елдердегі мемлекеттік әлеуметтік құрылым мен халықтың менталитеті әл-ауқаттың жоғары болуына басты себеп екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар