$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Әлем чемпионаты - 2026: FIFA арзан билеттер шығарды

Редакция
17 желтоқсан 2025, 13:19
Әлем чемпионаты - 2026: FIFA арзан билеттер шығарды Сурет авторы: carboncredits

FIFA 2026 жылғы Әлем чемпионатына «Supporter Entry Tier» деп аталатын жаңа билет категориясын қосты. Бұл билеттер ең арзан санатқа кіріп, бағасы 60 доллардан басталады,деп хабарлайды Reuters. Ол арзан билеттер турнирдің барлық 104 матчына жарамды, соның ішінде финал да бар, бірақ орын саны шектеулі.

Ең арзан билеттер қатысушы ұлттық футбол қауымдастықтарының (PMA) квотасының тек 10%-ын құрайды. Ұлттық қауымдастықтар билеттерді өздерінің «адал жанкүйерлеріне» бөледі және өз критерийлерін белгілейді. Егер команда плей-оффқа өте алмаса, билеттерді қайтарған  кезде әкімшілік алым алынбайды.

Дегенмен  Еуропалық футбол жанкүйерлер ұйымы билеттер бағасын әлі де жоғары деп сынап, олардың қалай бөлінетіні ашық еместігін айтты. Сондай-ақ, мүгедек жанкүйерлер үшін билеттерге қол жеткізу қиын: финалға бару үшін ең арзан билет 7 000 долларға, ал қосымша орындармен бірге 14 000 долларға дейін шығады.

FIFA үшінші кезеңдегі билеттерді 11 желтоқсаннан 13 қаңтарға дейін сатылымға шығарды

Соңғы жаңалықтар