$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Алаяқтардан зардап шеккендердің ақшасын қайтару жеңілдейді

Абдрахманов Мағжан
28 тамыз 2025, 11:24
Алаяқтардан зардап шеккендердің ақшасын қайтару жеңілдейді Сурет авторы: gov.kz

Қазақстан Ұлттық банкі қаржы нарығындағы алаяқтық операцияларға қарсы күресті күшейтуге бағытталған жаңа түзетулер қабылданғанын хабарлады. Өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың жоғалтқан қаражатын қайтаруды жеңілдету және Ұлттық Антифрод-орталықтың мүмкіндіктерін кеңейту.

Енді алаяқтық белгілері бар транзакциялар бойынша бұғатталған ақшаны қайтару үшін сот шешімі қажет емес. Қаражат тергеу органдарының хабарламасы және прокурор санкциясының негізінде қайтарылады.

Сонымен қатар Ұлттық Антифрод-орталық жанынан заңсыз операцияларға қатысы бар күдікті төлем карталары мен электронды әмияндардың бірыңғай деректер қоры құрылмақ.

Алаяқтық күдікке ілініп, банктік шоттары бұғатталған азаматтар үшін әлеуметтік төлемдерге – зейнетақы, жәрдемақы, стипендия мен жалақыға қол жеткізу мүмкіндігі сақталады.

Қаржы ұйымдарына күдікті операцияларды сапалы талдау жүргізуге мүмкіндік беру мақсатында мұндай транзакцияларды бұғаттау мерзімі 3 жұмыс күнінен 5 күнге дейін ұзартылды.

Соңғы жаңалықтар