$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Алаяқтар рәсімдеген несиені жоюға болады – Депутат (ВИДЕО)

Редакция
05 қараша 2025 16:44 394
Енді алаяқтар сіздің атыңызға онлайн рәсімдеген несиелерді жоюға мүмкіндік бар. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында депутат Мұрат Әбенов редакция тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Алаяқтар рәсімдеген несиені жоюға болады – Депутат (ВИДЕО) Сурет авторы: Qrnews

Депутаттың айтуынша, егер азамат банкке өз атына биометриясыз несие рәсімделгенін дәлелдесе, қаржы ұйымы сотқа жүгінбей-ақ сол несиені жоюға міндеттеледі.

Сондай-ақ кейінгі екі жылда банктер жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын 1500 несие бойынша 1400 адамның берешегін есептен шығарған.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «Банктер және банк қызметі туралы» және қаржы нарығын реттеуге қатысты заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар