$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Алаяқтар өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстыратын болған

Редакция
18 шілде 2024 03:52 4032
Алаяқтар өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстыратын болған Сурет авторы: alau.kz

Кейінгі кезде алаяқтар өзін күштік құрылым, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы ретінде таныстыратын болған.

Қаскүнемдер адамдарға телефон шалып не хат жазып, қаржылық операциялар жасауды сұраған, тіпті талап еткен.

Олар жәбірленушінің атына қылмыстық мақсатта несие рәсімделгенін айтып, қылмыстық жауапқа тартамыз деп қорқытқан.

Алаяқтар әдетте ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлын жібереді: қызметтік куәлік, хаттар мен бұйрықтардың фирмалық бланкілері.

Комитет өз қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеттігі жоқ екенін еске салды.

Соңғы жаңалықтар