$ 475.09 € 551.06 ₽ 5.87

Әл-Фараби апаты туралы пікір айтқан Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Абдрахманов Мағжан
01 сәуір 2026, 11:39
Әл-Фараби апаты туралы пікір айтқан Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды Сурет авторы: insagram.com/ adiletkhan

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы полиция мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, Молдаханға қатысты «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта өзге ақпарат жария етілмеді.

Еске салайық, Әділетхан Молдаханды полиция 30 наурыз күні ұстаған болатын. Ол Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты пікір білдіріп, бұл оқиғаға Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасарының қатысы болуы мүмкін екенін айтқан.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар