$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Ақылы жолдардың бағасы қымбаттауы мүмкін

Редакция
29 мамыр 2024 06:02 1332
Ақылы жолдардың бағасы қымбаттауы мүмкін Сурет авторы: Caravan.kz

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы автожолдың бағасы қымбаттайтынын мәлімдеді.

Ол ең алдымен халықаралық көлік жүргізу конвенциясына сәйкес, әр елде шетелдіктер мен ел азаматтары үшін ақылы жолдың бағасы бірдей болуы керек екенін айтып өтті. Олай болмаса, басқа елде қазақстандықтардан жол үшін артық ақы төлеуді талап ететін көрінеді.

"Ең арзан ақылы жол бізде. Мысалы, кеше Ресейде Москва-Казань жолы салынды. Онда бір шақырымы 25 теңгеден тұрады. Ал біздің жолда орта есеппен шақырымы 1 теңге, 20 тиын болып тұр", – дейді министр. 

Марат Кәрімжанұлы қазақстандықтарға қандай жеңілдік жасалғанына тоқталды.

"Жолаушыларды тасымалдайтын автобустар ақылы жолға мүлдем төлемейді. Жүк тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындар ақшасын алдын ала төлесе, онда біз 15% жеңілдік жасаймыз. Сондай-ақ сапасы төмен жолдарда ақы алынбайды", – деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар