$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Ақтөбеде жоғалып кеткен ер адамды туыстарына айтпай жерлеп тастаған

Редакция
29 қазан 2024 03:14 4923
Ақтөбеде жоғалып кеткен ер адамды туыстарына айтпай жерлеп тастаған Сурет авторы: astanatv.kz

Жергілікті тұрғын полицияға ағасының жоғалғаны туралы хабарлауға барғанда, оның басқа танылмаған адамдармен бірге жалпы зиратқа жерленгенін білген. Марқұм жазда суға батып кеткен, бірақ құқық қорғау органдары бұл туралы туыстарына ескертпеген, деп хабарлады AstanaTV.

Марқұмның әпкесі Жанат Иманғалиеваға ағасының денесі 26 маусымда табылып, екі айдан астам уақыт бойы мәйітханада жатқанын, қыркүйек айының басында ғана жерленгенін хабарлаған.

Иманғалиева полицияның салғырттығына наразы. Оның айтуынша, учаскелік инспектор туысының қайда тұратынын және жұмыс істейтінін білсе де, отбасына хабарламаған. 

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді. Марқұмның отбасы тексеріс барысын қадағалап, қажет болған жағдайда жоғары тұрған органдарға шағынуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар