$ 460.8 € 541.21 ₽ 6.13

Ақтөбеде домбыраны «харам» деген ер адам қамауға алынды

Абдрахманов Мағжан
28 сәуір 2026, 15:26
Ақтөбеде домбыраны «харам» деген ер адам қамауға алынды Сурет авторы: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ақтөбеде домбыраны «харам» деп атаған 33 жастағы тұрғын қамауға алынды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Оған қатысты діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу мәліметінше, Азат Қоныс есімді азамат әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, онда: «Қазақстан ханафи мазхабын ұстанатындықтан, шариғат бойынша ішекті аспаптар – гитара, домбыра, балалайка болсын – бәрі харам болып есептеледі» деген.

Бұл мәлімдеме қоғамда кеңінен талқыланып, резонанс тудырған. Полицияның дерегінше, күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікірлер жариялаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар