$ 487.01 € 557.87 ₽ 6.59

Ақтөбе облысындағы мейрамханада жүзден астам адам уланған: қылмыстық іс қозғалды

Абдрахманов Мағжан
23 маусым 2026, 16:47
Ақтөбе облысындағы мейрамханада жүзден астам адам уланған: қылмыстық іс қозғалды Сурет авторы: Pixabay

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында банкетке қатысқан 102 адамның улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 304-бабы – санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Полицияның мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Алғашқы науқастар дәрігерлерге 19 маусымда жүгінген. Жалпы саны 102 адам денсаулығының нашарлағанын айтып, медициналық көмекке жүгінген. Оның 34-інде сальмонеллез тіркелген.

Белгілі болғандай, олардың барлығы Қандыағаштағы «Тұмар» мейрамханасында өткен банкетке қатысқан. Қазір өңірлік денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық зерттеу жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар