$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Ақтөбе облысында шенеунік пен депутаттар 672 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Редакция
03 ақпан 2025 10:05 1157
Ақтөбе облысында шенеунік пен депутаттар 672 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді Сурет авторы: uralskweek

Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттары 672 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер көпқабатты тұрғын үй ретінде сатылған 70 пәтерлі жатақхананы әлеуметтік осал топтарға арналған баспана ретінде қабылдаған. Қазіргі уақытта кейбір күдіктілер қамауға алынған, ал қалғандары үйқамақта отыр.

"Тергеу барысында күдіктілердің 640 млн теңгеден астам қаражаты мен мүлкіне тыйым салынды. Сонымен қатар 359 млн теңге көлеміндегі материалдық шығын өз еріктерімен ішінара өтелді", – делінген Антикор хабарламасында.

Қазіргі таңда тергеу аяқталды, іс сотқа жіберілуге дайындалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар