$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Ақтөбе облысында полиция қызметкері абайсызда танысына оқ атып жіберген

Редакция
26 наурыз 2025 08:09 1277
Ақтөбе облысында полиция қызметкері абайсызда танысына оқ атып жіберген Сурет авторы: AP Photo / Rogelio V. Solis

Ақтөбе облысында полиция қызметкері абайсызда өзінің танысына табельдік қарудан оқ атып жіберген. Бұл ақпаратты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Алдын ала дерек бойынша, полиция қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтамай, абайсызда бір рет табельдік қарудан оқ атқан. Соның салдарынан оның танысы жарақат алды», – делінген хабарламада.

Зардап шеккен азамат ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 371-бабы («Салғырттық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – бір жылға бас бостандығынан айыру.

Полиция қызметкері қызметтік міндеттерінен шеттетілді.

Соңғы жаңалықтар