$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

Активтерді қайтару комитетінің төрағасы лауазымынан кетті

Абдрахманов Мағжан
30 желтоқсан 2025, 15:44
Активтерді қайтару комитетінің төрағасы лауазымынан кетті Сурет авторы: ОКҚ

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Нұрдәулет Сүйіндіков бұл қызметке 2023 жылғы қазанда тағайындалған. Оған дейін, 2022 жылдан бастап Бас прокуратурада жұмыс істеп, стратегиялық даму департаментінің басшысы және халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған.

Бұған дейін ол Қорғаныс министрінің кеңесшісі болған.

Соңғы жаңалықтар