$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Актер Тәуекел Мүсілім Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді

Редакция
02 сәуір 2024 09:33 4702
Актер Тәуекел Мүсілім Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді Сурет авторы: Qrnews

Ол Instagram парақшасында Бишімбаев ісінен түйген ойын бөлісіп, ата-аналарға үндеу жасады.

“Құрметті ата-аналар!

Қазір барлығыңыз барыңызды салып жұмыс істеп, балаңызды жақсы балабақшаға, жақсы мектепке беруге, шетелге оқуға түсіруге әрекет етіп жатырсыздар. Осы дүниенің ең жақсысын, ең күштісін беруге тырысып жатырсыздар. Бірақ одан да жоғары тұрған мәселе бар. Ол – балаңызға дұрыс тәрбие беру.

Оқушыға білім берместен бұрын, дұрыс тәрбие беру керек. Дұрыс тәрбиемен берілген білім қоғамға пайда әкеледі. Ал дұрыс тәрбиесіз берілген білім зиян әкеледі. Мысал ретінде сотталып жатқан кісіні (ред. – Қуандық Бишімбаев) айтуға болады. Өте білімді, шетелде оқыған, “Болашақты” бітірген. Бірақ қарапайым адаммен қарым-қатынас құра алмайды”, – деді актер.

Оның айтуынша, дұрыс тәрбие берудің ішінде де маңызды пункт бар. 

“Ол – Жаратушыны таныту. Өйткені Алладан қорыққан адам қатігез болмайды, зұлымдық жасамайды. Сондықтан, құрметті ата-аналар, балаларыңызға дұрыс тәрбие беріңіздер”, – деп сөзін аяқтады ол.

 

Соңғы жаңалықтар