$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Ақтаудағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты

Редакция
26 желтоқсан 2024 01:22 1208
Ақтаудағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты Сурет авторы: Азамат Сәрсенбаев

Бұл туралы Қазақстанның Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 11 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

“Дәрі-дәрмек бар, қан жеткілікті, қазір Астанадан санавиация борты да келіп қонады, біздің ең мықты дәрігерлеріміз жолға шықты. Өтініш, жеңіл жарақат алғандарды бүгінше мазаламаңыздар,” – деді вице-премьер дәрігерлерге қарата сөйлеген сөзінде.

Қаза тапқандардың денелері күйіп қалғандықтан, олардың жеке басын анықтау үшін арнайы процедура жүргізілетінін де айтты.

Соңғы жаңалықтар