$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Ақтаудағы фитнес-жаттықтырушының өлімі: басты айыпталушы өмір бойына сотталды

Редакция
31 қаңтар 2025 03:52 4800
Ақтаудағы фитнес-жаттықтырушының өлімі: басты айыпталушы өмір бойына сотталды Сурет авторы: коллаж Ulysmedia.kz

Ақтауда сот 2024 жылы мамырда зорлық-зомбылықтан кейін терезеден секіріп көз жұмған фитнес-жаттықтырушы ісі бойынша үкімді қайта қарады. Бес адам кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысы 2024 жылдың желтоқсанында 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылған еді. Алайда прокуратура үкімді тым жеңіл деп тауып, оған қарсы шағым түсірді. 

Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылғы 14 мамырда күдіктілер синтетикалық есірткі қолданып, жәбірленушіні ұрып-соғып, көлікке күштеп отырғызған. Кейіннен олардың бірі оны есірткі қолдануға мәжбүрлеп, зорлаған.

Сондай-ақ екі күдікті жәбірленушіні бірнеше сағат бойы жанармай бекетінде күштеп ұстап, мобильді қосымша арқылы оның атына 2 млн теңге несие рәсімдетіп, ақшаны қолма-қол алған соң ғана босатқан.

Сот шешімімен ең ауыр қылмыс жасаған басты айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қалған төртеуіне 13,5 жылдан 16 жылға дейін түрме жазасы кесілді. Сонымен қатар сот марқұмның отбасына 50 млн теңге өтемақы төлеуді міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар